Қарағанды облысы Молодежный кентінде жылу мәселесі шешілді 

Күзде тоңып отырған жұрттың жанайқайын арнамыздан көрсеткен болатынбыз. Ескі қазандықтың қуаты жетпей, пәтердегі температура 12-13 градустан аспаған еді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір жағдай тұрақталды. Жылу қазандығы толық жөнделіп, үйлерге берілетін жылу қысымы жоғарылаған.

Айта кетейік, қазір мұнда 6 жарым мың адам тұрады.

Бейімбет Бейсембеков, Молодежный кентінің әкімі:

– Күл шығаратын, одан басқа генераторы және 15 пештің механикалық бөлшектері түгел жаңартылды. Онымен қоса мемлекеттік мекемелердің бәрінде жылу жүйелері түгел жаңартылған. Бүгінгі күнде тұрақты жұмыс істеп тұр.