Коронавирустан емделіп жатқан 144 адамның жағдайы өте ауыр

12 ақпандағы мәлімет бойынша 62 801 адам коронавирус инфекциясынан (–61 600+ және 1 201 КВИ-) емделуде, деп хабарлайды ҚР ДСМ.

Олардың ішінде 7 653 пациент стационарда, 55 148 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 364 адамның жағдайы ауыр,

• 144 пациенттің жағдайы өте ауыр,

• 102 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.