Эпидахуал: «жасыл аймаққа» өткен өңірлер саны өсті

12 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.

«Қызыл аймақта»: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары.

«Сары аймақта»: Алматы, Шығыс Қазақстан облыстары.

«Жасыл аймақта»: Шымкент қаласы, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстары.

Еске сала кетсек, кешегі мәлімет бойынша Атырау, Ақтөбе облыстары «сары аймақта» тұрған болатын.