loader

Елордада 1800-ден астам адам қар күреу жұмысына жұмылдырылды Нұр-Сұлтан қ әкімдігінің ресми сайты

Елордада 1800-ден астам адам қар күреу жұмысына жұмылдырылды

Нұр-Сұлтанда қар тазалау жұмысына 1 800-ден астам жол жұмысшы шықты, сондай-ақ 1 000-ға жуық арнайы техника жұмылдырылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Елорданың коммуналдық қызметтері кешкі және түнгі уақытта қарқынды әрі күшейтілген тәулік бойғы режимде жұмысын жалғастыруда.

11 ақпаннан 12 ақпанға қараған түні елордадан 7 708 текше метр қар шығарылды, ол үшін қар полигондарына 623 рейс жасалды.

Айта кетейік, қысқы кезеңде Нұр-Сұлтаннан 3 млн текше метрге жуық қар шығарылды.

Бірінші кезекте, ереже бойынша жолдарда кептеліс болмауы үшін қозғалысы өте қарқынды учаскелер тазартылады. Сондай-ақ алаңдар, вокзал маңындағы аумақтар, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кіретін жолдар қардан тазартылады.

Естеріңізге сала кетейік, «Қазгидромет» РМК-ның болжамы бойынша бүгін және алдағы күндері Нұр-Сұлтанда көп қар жауады, сол сияқты бұрқасын мен екпінді жел болуы мүмкін.

Сондай-ақ...