Ақмола облысында ірі қара азайып кетті

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, Зеңгі баба тұқымы 1 мың басқа кеміген. Қазір 449 мың бас қалды. Жауаптылар мұны былтырғы қуаңшылықпен байланыстырады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Зеренді ауданына қарасты Заречный ауылының тұрғыны Сатыбалды Закариянов осыдан 7-8 жыл бұрын мал ұстау үшін аталған елді мекенге арнайы көшіп келген шаруа. 20 шақты ірі қарасын айналасы бірнеше жылдың ішінде 160 басқа жеткізіп қуанып отырғанда, қымбатшылық қыспаққа алып, малымды қайта сатуға мәжбүр болдым, – дейді. Сөйтіп соңғы жылдары мүлдем сиыр бақпайтын болған.

Сатыбалды Закариянов, Заречный ауылының тұрғыны:

– Шөп қымбат, жем қымбат. Бір тонна бидайдың өзі 120-130 мың боп кетті. Мал жемсіз болмайды. Сосын мынау не жағы солярка, бензин жағы сол. Солярка қымбаттап кетті.

Жалғыз Сатыбалды аға ғана емес, осы қыстың қарсаңында біраз адам малынан құтылуға асықты. Тіпті қорадағы соңғы сиырына дейін сатып жібергендер де бар. Ал жауаптылар болса, мұның бәрі қуаңшылықтың кесірінен, –дейді. Қымбатшылық та тапшылықтың салдарынан туындағанын айтады. Бірақ кеміген мың бастың орнын қалай да толтырамыз деп отыр.

Еркеш Әленов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

– Бұл жұмсалған малдар көбіне сиырлар емес, басқа, бойдақ малдар ғой енді. Соларды жұмсады. Кейбір жерде шаруашылықтарда ауру шықты. Сол ауру шыққан малдарды ет комбинатына өткіздік. Қазір міне, ақпан, наурыз айында сиырлар бұзаулап жатыр. Соның арқасында малдың орнын толтырамыз деп ойлаймыз.

Одан бөлек сүт және ет фермаларын ашу арқылы да мал басын көбейтпек ойда жауаптылар. Ал шөпті мол жинау үшін суармалы шабындықтар қолға алынбақ.

– 19 мың гектар қазір мына сол мал азығына жер көлемі көбейді. Қазір әр аудандар сол мәселені көтеріп жатыр және де мал азығын көбірек себуді ұйғарып жатыр. Мал көбейген сайын оның азығы да көп болу керек.

 Жалпы аймақта мал басының дені Зеренді, Атбасар және Есіл секілді өңірдің оңтүстік аудандарында азайған. Жұрттың ата кәсіптен безінуіне тағы бір себеп – жайылымның жоқтығы. Қазір облыс бойынша мал жаятын 1 жарым млн гектардан астам жер жетіспейді. Бірақ, бұл мәселенің түйіні өте күрделі, - дейді, жергілікті билік өкілдері. Себебі игерілмей жатқан аумақты мемлекет меншігіне қайтару үшін бірнеше жыл уақыт керек.

Авторлары: Дамир Берікұлы, Виктор Полянный