Қаңтар оқиғаларына қатысты шетелдік сарапшылар пікір білдірді

Шетелдік жихадистер қаңтар оқиғаларын пайдаланып, Қазақстан аумағына өтуді көздеген болуы мүмкін. Таяу Шығыстағы экстремизм сұрақтарымен айналысатын сарапшылар осылай деп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айтуларынша, деструктивті ағым өкілдері әлеуметтік желіде қызу талқылау жүргізіп, елімізге келуді жоспарлаған. Билік болашақта мұндай оқиғаларды болдырмау үшін қауіпсіздік саласындағы аймақтық ынтымақтастықты одан әрі нығайта беруі тиіс – дейді сарапшылар.

Нихад әл-Джарири, тәуелсіз медиа-продюсер:

/Иордания/

– Ірі халықаралық лаңкестік ұйым жақтастарының бірі Қазақстан аумағына өтіп, тәртіпсіздіктер орнату үшін 3 мың адам керек екенін айтты. Қаскөйлер сіздердің елдеріңізді сириялық джихадистердің базасына айналдыру сценарийлерін қарастырған. Олар Қазақстандағы жағдайдың одан әрі ушығатынына үміттеніп, мұнда өздерінің лаңкестік платформасын құруды көздеген.

Рикардо Валле, барлау және қауіпсіздік саласындағы аналитикалық орталық департаментінің директоры:

/Италия/

– Содырлар шекаралардың ашық болғанын пайдаланып, бір елден екінші елге көшіп жүре алады. Қазақстанда да осылай болды. Қаскөйлер мұнда Орталық Азиядағы көрші елдер мен Ауғанстаннан келген болуы мүмкін. Басқа мемлекетке келгенде лаңкестер ең алыдмен сол жердегі қылмыстық топтармен байланысқа шығады. Сөйтіп күші арта түседі. Қазақстандағы қаңтар оқиғалары осыны айғақтап отыр.