Алматы кәсіпкерлерінен түскен 362 өтініш мақұлданды

Алматыда жаппай бүліктен зардап шеккен кәсіпкерлерге өтемақы төлеу жалғасып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Күні бүгінге 362 кәсіпкердің өтініші мақұлданған. Оларға берілетін қаржы көлемі 645 млн теңгені құрайды. Тиісті мекемелерге арызын өткізіп қойған кәсіпкерлер, қол қусырып отырған жоқ. Саудасын жасап, тұрғындарға қызмет көрсетіп жүр.

Ислам Тұрғынбаев қаладағы ірі сауда кешендерінің бірінде киім-кешек сатады. 5 қаңтар күні болған тәртіпсздік кезінде кешеннің бірқатар бутиктері өртеліп, қиртылып,  заттар ұрланды. Мүлкі тоналғандардың қатарында осы сауда нүктесі де болған. Исламның айтуынша, бір айдың ішінде барлығын өз күштерімен қалпын келтіріліп, жаңадан тауар әкелген. Өзге саудагерлер сынды әкімдікке өтемақы алу жөнінде арыз жазып, құжаттарды тапсырған.

Ислам Тұрғынбаев, сатушы:

– Өзіміздің күшімізбен жйлап келтіріп жатырмыз. Жаймен бәрі орнына келіп жатыр. Арыз жаздық. Біраз арыз жазып тастадық. Күтіп отырмыз қалай болатынын, қалай шешетінін.

Ал жеке кәсіпер Тимур Қасымов болса «5 млн теңгеден астам шығынға ұшырадым» дейді. Ол да «ИнфоҚазақстан.кз» сайтына өтемақы алу үшін барлық құжатты өткен айдың басында өткізіді. Шығынды есептеуге келген сараптама тобының жұмысына сыны жоқ. Әкімдік мамандары  жағдайды қадағалап отырады – дейді     

Тимур Қасымов, кәсіпкер:

– Өтемақы береміз деп уәде берді. Соған қарамастан сауда жасайтын орнымызды өз қаржатымызға қалпына келтірдік. Тауар әкелушілермен қарым-қатынасым жақсы. Мұндағы киім-кешектің тең жартысын қарызға алдым.

Бүлінгенді бүтіндеп, қиратылғанды өздері жөндеп жатқан кәсіперлер қаңтар айында болған оқиға қайталанбаса екен дейді. Әрине барлығы өтемақы алудан үмітті. 

Авторлары: А.Садуақас, С. Жұмбаев