Елімізде ақылы жолдардан қанша қаражат жиналды

Ал елдегі ақылы жолдардан 8 млрд теңгеден астам пайда түсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мамандардың сөзінше, бұл қаржы жолдарды күтіп ұстау мен өзге де қажеттіліктерге жұмсалады. Жалпы елде ұзындығы 682 шақырым болатын төрт жолда қозғалыс ақылы. «Нұр-Сұлтан – Теміртау», «Нұр-Сұлтан – Щучинск», «Алматы – Қапшағай» және «Алматы – Қорғас» тас жолдарынан жыл ішінде 6,9 млрд. теңге жиналған. Тізімді былтыр қарашада тағы 7 жол учаскесі толықтырды. Олар: «Тараз – Қайнар», Шымкенттен Қызылорда, Тараз және  Өзбекстан шекарасына дейінгі аралық, «Талдықорған – Қапшағай», «Көкшетау – Щучинск» және «Нұр-Сұлтан – Павлодар» автожолдары. Олардан бір айдан сәл астам уақыт ішінде 1,2 млрд теңге түскен.