Өткен тәулікте елімізде қар құрсауынан 37 адам құтқарылды

Өткен тәулікте Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Түркістан облыстарында ауа райына байланысты ескертулер жарияланды.

Нұр-Сұлтан қаласында, Ақмола, Қарағанды, Павлодар облыстарында республикалық маңызы бар автожолдар жабылды.

Елімізде қар құрсауында қалған 37 адам, оның ішінде 2 бала құтқарылды.

10 автокөлік қар құрсауынан шығарылды.

«ТЖМ азаматтарға елді мекеннен шыққан кезде қауіпсіздік ережелерін сақтауға кеңес береді. Алыс жолға шығар алдында ауа райы болжамымен танысып, автокөліктің техникалық жай-күйінің дұрыстығына көз жеткізген абзал», – делінген ТЖМ таратқан мәліметте.