Елімізде жас кәсіпкерлерге қолдау бар

Елде жастар практикасы мен алғашқы жұмыс орны жобаларына қатысатын мамандардың жалақысы 30 айлық есептік көрсетішке дейін өседі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сонымен бірге оған қатысу мерзімі 12 айдан 18 айға дейін ұзартылды. Биыл жастар практикасына кемінде 22 мың адам жіберілмек. Бұдан бөлек, бизнес ашқысы келетін жастарға берілетін грант сомасы 1 млн 200 мың теңгеге дейін артады. Еңбек министрлігі биыл 20 мың жасқа грант беруді жоспарлап отыр. Жастармен қатар әлеуметтік осал топтағы азаматтар да бұл қолдауға үміт арта алады.