Жамбыл облысында 163 жасөспірім әкімшілік заңнаманы бұзды

Жергілікті полиция басқармасы жыл басынан жүргізген арнайы рейдтердің нәтижесі осы. Тексеріс кезінде 109 бала түнгі мезгілде ата-анасының қарауынсыз көшеде жүргені анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Арасында алкоголь сатып алғандар да бар. 19 жасөсіпірім түнгі көңіл көтеру орындарында ұсталды. Баласының қауіпсіздігіне немқұрайлық танытқан ата-аналар әкімшілік жауапқа тартылса, екеуі мүлдем ата-ана құқығынан айырылды. Рейд барысында 11 бала профилактикалық есепке алынды. Тағы екеуі арнайы мектепке орналастырылды. Ал кәмелетке толмағандарға ішімдік сатқан дүкен иелері әкімшілік жауапқа тартылды.