Әсем Нүсіпова ҚР денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Әсем Бекқызы Нүсіпова басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды.

Бұл туралы ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Әсем Нүсіпова 1975 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін, 1998 жылы осы университетте магистратураны бітірген.

2001-2003 жылдары – Қауіпсіздік кеңесінің экономикалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі бөлімінің бас сарапшысы, ҚР Президенті Әкімшілігінің жүйелі зерттеулер орталығының сарапшысы, сектор меңгерушісі.

2003-2007 жылдары ҚР қаржы министрінің кеңесшісі, ҚР премьер-министрінің кеңесшісі, ҚР премьер-министрі кеңсесінің қорытынды сараптау бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді.

2007-2008 жылдары – ҚР денсаулық сақтау вице-министрі.

2008-2016 жылдары – «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары.

2016-2019 жылдары – Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.

2020 жылғы қазаннан бастап қазіргі уақытқа дейін – ҚР денсаулық сақтау вице-министрі.