Елімізде кірме жолдардың тарифі төмендеді

Елімізде кірме жолдардың тарифі төмендеді

Елімізде кірме жолдарды пайдалану қызметі едәуір арзандайды.

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің мәліметі бойынша, осындай қызмет көрсететін бірқатар компанияның тарифі төмендетілді. Мәселен, 1 наурыздан бастап «Көліктік сервис орталығы» өзінің тарифін 92 процентке түсіреді.

Жалпы, ақпан айының басынан бері еліміздің бірқатар өңірінде 21 мекеме қызмет көрсету бағасын шамамен 80 процентке төмендеткен. Құзырлы ведомство негізсіз орнатылған тарифті анықтау жұмысын жалғастырады. Бизнес өкілдері баға негізсіз қымбаттаған жағдайда Табиғи монополияларды реттеу комитетіне шағым түсіре алады.