Шығыстағы Алтай ауданына қарасты ауылы жылусыз қалуы мүмкін

Шығыстағы Алтай ауданына қарасты Средигорное ауылы жылусыз қалуы мүмкін. Себебі елді мекендегі жылыту орталығын жекешелендіріп алған жергілікті серіктестік иелері өздері қалаған тарифті қойған. Бұған наразы тұрғындар облыстық табиғи монполияға қарсы департаментіне шағымданған. Құзырлы орган қызметкерлері монопоистің қызметіне кезектен тыс тексеру жүргізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жылудың бағасы жыл санап өскенін тұрғындар жиған төлем түбіртегінен нақты көруге болады. Жылыту орталғының иесі әр жылда, тіпті әр айда неліктен әртүрлі тариф қоятынын халыққа түсіндірмеген. Шыдамы таусылған тұрғындар табиғи монполияға қарсы департаментке шағып жазған.

Нина Штыкель, Средигорное ауылының тұрғыны:

– Жылыту орталығы тариф бағасын 203 теңгеге көтерген кезде барлығы наразылық білдіре бастады. Одан соң монполияға қарсы қызметке хат жаздық. Құзырлы орган келіп тексергенде ғана тарифті заңсыз көтеріп келгендері анықталды. Әйтпесе ешкім білмес еді.

Тұрғындардың айтуынша жергілікті қазандық иесі ауылдағы әр үйден жылудың ақысын әр түрлі тарифпен есептеген. Сергей Зубарев 70 шаршы метрлік үйге ай сайын 14 мың теңге төлесе, серіктестіктің құрамында жұмыс істейтін келесі бір тұрғын дәл сондай үйдің жуына бірнеше есе аз ақша төлеп келген.

Сергей Зубарев, Средигорное ауылының тұрғыны:

– Бәріміз бір ауылда тұрсақ та жылыту қазнының құлағын ұстап отырған Петр Федорович әр түрлі тариф қойып отыр. Оның сөзін сөйлетіндерге 190 теңге ал, бізден әр шаршы метр үшін 203 теңгеден жинады. Мәселен Риддер қаласында бір шаршы метр үшін жылуға 76-80, Алтай қаласында 76-78 теңге. Средигорное ауылында осы қалаларға қарағанда тариф 2,5 есе көп.

Қазандық иесі тарифке қатысты айырмашылықты көмір жеткізу шығындарымен байланыстырады. Сондықтан ауылдастарының шағымын негізссіз, деп отыр. Бірақ неліктен әр үйден әр түрлі төлем алынатынын түсіндіре алмады.

Петр Дяглев, Қазандық басшысы:

– Бізге көмір Зубовск ауылына дейін темір жолмен келеді. Одан соң қазандыққа көлікпен тасымалдаймыз. Оның бәрі артық шығын. Ал ауылда әр түрлі тариф деген өтірік. Біз оны жалпы жиналыста бекіттік.

Жалпы жиналыста бекітпегенін монополияға қарсы департамент анықтады. Құзырлы орган тұрғындардың шағымы бойынша кезектен тыс тексеру жүрзіп, нәтижесінде серіктестікке қатысты бірқатар заңсыздықты дәлелдеген. Ең негізгісі ауыл тұрғындарын тариф бойынша алалап келгені әшкере болды.

Монополияға қарсы департамент қазандық иесіне 75 миллион теңге айыппұл салған. Себебі жылыту орталығын жекешелендіріп алған серіктестік оны жеке субьекті ретінде мүлде тіркемеген. Яғни монополияға қарсы комитеттің біріңғай тізіліміне енгізбеген.

Сабыр Мырзабеков, облыстық Табиғи монополияларды реттеу департаментінің бөлім басшысы:

– Реестрге еніп қызмет көрсету керек, болатын заңды түрде. Департаментпен, бізбен жылу тарифін заңды түрде келісіліп, бекітіледі. Ал бұл жерде ЖШС өзінің тарифімен жұмыс істеп заңсыз өздері тариф қойып, өзі қызметін ұсынып отырған. Жергілікті тұрғынға бөлек тариф қойған. Өз жұмысшыларына 198,3 теңгеге тариф қойып отырған. Бұл заңсыз.

Заңсыз әрекеттерді әшкереленген , қазандық иесі 75 миллион теңге айыппұл арқалаған. Алайда жергілікті монополист ол айппұлмен келіспей сотқа жүгінген. Аудандық және облыстық сот шешімді аймақтық монополияға қарсы департаменттің пайдасына шешкен. Жоғары сот та еш өзгерссіз қалдырған.

Олжас Керейхан, Дмитрий Пыхтин