Алматыда көлікке орнатылған бейнетіркегіштерді ұрлайтын ер адам ұсталды

Алматыда көлік терезелерін сындырған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қаскөйдің заңсыз әрекеті «Қауіпсіз аула» бағдарламасы бойынша тұрғын үйлердің кіреберісіне кіретін жерлерге орнатылған бейнебақылау камералары арқылы жазылып қалған.

– Бұл деректер әлеуметтік желілер арқылы белгілі болды. Ол кезде полицияға ресми өтініштер болған жоқ. Соған қарамастан, бөтеннің мүлкін ұрлау дерегі ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Жедел іс-шаралар барысында көліктері дәл осындай жолмен тоналған тағы алты жәбірленуші анықталды. Күдікті – 1996 жылы туған Б.есімді азамат ұсталды. Тергеудің осы кезеңінде ол тек екі ұрлық жасағанын мойындады. Оның берген жауаптарының қаншалықты рас екенін алдағы тергеулер көрсетеді, – дейді Жетісу аудандық Полиция басқармасының бастығы Дархан Мұсанов.

Баяндамашы көліктердің терезелерін сындыру себебін де айтып өтті. Оның айтуынша, қаскөйді тек көліктерге орнатылған бейнетіркегіштер ғана қызықтырған.