Алматының шетінде оқдәрі мен «Молотов коктейлі» жасырылған орын табылды

Алматының шетінде оқдәрі мен «Молотов коктейлі» жасырылған орын табылды
polisia.kz

Алматының шетінде оқдәрі мен «Молотов коктейлі» жасырылған орын табылды, деп хабарлайды Polisia.kz. Табылған затқа Дархан ықшамауданының тұрғыны тап болған, ол бірден дабыл қаққан.

– 102 пультіне хабар берген азаматтың айтуынша, ол туннельден оқдәрі салынған пакет тауып алған. Жедел-тергеу тобы оқиға орнын тексеру нәтижесінде гранаталар, 5,45 мм калибрлі патрондар, 9 мм калибрлі патрондар, 2,3 калибрлі патрондар, саны бойынша противогаз, револьвер, сонымен қатар «Молотов коктейлін» тәркіледі. Бұл дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 287-бабы 2-бөлімі бойынша тіркелді», – деді Алатау аудандық Полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.

Ал қару мен оқдәрiлердiң бұл жерге кім қойғаны жедел іс-шаралар барысында анықталатын болады. Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалды.