loader

Нұр-Сұлтанда үлескерлердің қаражатын қабылдауға рұқсат алған компаниялардың тізімі жаңартылды Елорда әкімдігі

Нұр-Сұлтанда үлескерлердің қаражатын қабылдауға рұқсат алған компаниялардың тізімі жаңартылды

Үлескерлердің қаражатын қабылдауға рұқсаты бар компаниялардың жаңартылған тізімін елорданың сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының сайтынан алуға болады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Құрылыс салушылардың жаңа тізімі мына сілтеме бойынша бейінді басқарманың сайтында көрсетілген: https://www.gov.kz/memleket/entities/nur-sultan-saulet/documents/details/265998?lang=ru.

Жыл басынан бері Нұр-Сұлтан әкімдігі үлескерлердің қаражатын қабылдауға 6 рұқсат берді.

Олардың арасында бір құрылыс салушы компания көппәтерлі тұрғын үйдің қаңқасы тұрғызылғаннан кейін ғана үлескерлердің ақшасын қабылдауға рұқсат алды. Ал қалған бесеуі – екінші деңгейдегі банктің жобаға қатысу тәсілі арқылы.

Естеріңізге сала кетейік, «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» ҚР Заңына сәйкес үлестік қатысу мынадай тәсілдердің бірімен ұйымдастырылады:

Кепілдік беру қорының кепілдігін алу;

- Екінші деңгейдегі банктің жобаға қатысуы;

- Тұрғын үйдің қаңқасы тұрғызылғаннан кейін үлескерлердің ақшасын қабылдау.

Үлестік құрылысқа әлеуетті қатысушының (сатып алушының) үлескерлердің қаражатын қабылдау үшін рұқсат құжаттарының бар-жоғын тексеруге және Нұр-Сұлтан қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасынан кеңес алуға құқығы бар.

Сондай-ақ...