Павлодар облысында жол қозғалысы шектелді

Павлодар облысында жол қозғалысы шектелді

Павлодар облысында ақ түтек боран соғып тұр.

Қолайсыз ауа райына байланысты таңғы сағат 5-тен республикалық маңызы бар тасжолдың  «Қалқаман – Баянауыл – Үміткер - Ульяновский», Баянауыл ауылынан Қарағанды облысының шекарасына дейін барлық актокөлік түріне жолдар жабылған. Қазір Шідерті кентінде 57 көлік тоқтап тұр. Олардың арасында екі жолаушылар автобусы бар. Сондай-ақ 47 жүк көлігі мен 8 жеңіл көлік күннің ашылуын күтуде. Сол Шідерті кентінде екі жылыту пункті жұмыс істеп тұр. Ауа райына байланысты дауылды ескерту кеше кешкі сағат 21-де жарияланды. Облыстың солтүстігінде түнде қалың қар жауып, күндіз  қатты  боран соғатыны туралы ақпарат тарады. Онда оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 23-28 метрге жетеді делінген.