ҚР ҰҚК интернет арқылы синтетикалық есірткі сататын азаматтарды ұстады

2022 жылғы 14 ақпанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Петропавл және Өскемен қалаларында интернет дүкендер арқылы синтетикалық есірткі өткізуге қатысы бар бес азаматты ұстады.

ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, заңсыз айналымнан 2 кг астам мефедрон, «α-PVP» психотроптық заттары және 600 гр «Спайс» шегу қоспасы алынды.

Сотқа дейінгі тергеу материалдары ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігі бойынша СТБТ-ға тіркелді.