Семейде жылу беру орталығына 44 млн теңге айыппұл салынды

Қоршаған ортаға келтірілген шығынды экология департаментінің мамандары сот арқылы өндіріп алмақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Естеріңізіге сала кетейік, былтырғы жылдың қаңтар айында қаланы «қара қар» басқаны мәлім. Ол жылу қуат орталығының жылу қазандықтарынан ұшқан түтіннің салдары екенін мамандар дәлелдеді. Сол кезде тұтқиыл тексерістің қорытындысымен «Теплокоммунэнерго» мекемесіне 20 млн теңге айыппұл салынған болатын. Бірақ бұл шара жылу өндірушілерге аз көрінген сыңайлы. Экологияға келтірген залалын тоқтатпағаны үшін аталған мекеме тағы да млн-даған айыппұл арқалады. Соңғы тексеріс орталық жылу қазандығынан шыққан ысты түтін мен газ мөлшері белгіленген нормативтен 14 есе артық екенін көрсетті.