Алматы облысында үш бағыттағы жол жабылды

Елдегі ауа райының қолайсыздығынан Алматы облысындағы тас жолдарда көлік қатынасы қиындады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әсіресе «Алматы – Талдықорған» бағытындағы Мұқыры және Арқарлы асуына ауыр жүк көліктері шыға алмай қалған. Оқиға куәгерлері бейнежаба түсіріп, ақылы жолға құм төгілмегенін айтқан. Ал Сарыөзектен Алтынемел асуына дейінгі аралықтың кейбір бөлігін қар басып тастаған. Жүргізушілер оны өздері тазалап алған.

Айта кетейік, ауа-райына байланысты өңірдегі екі облыстық, бір республикалық маңызы бар жол жабылды

Игорь Жуков, Алматы облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

– Үшарал мен ШҚО қатынайтын жолдың 558-616 шақырымы және Сарыөзек – Көктал бағыты, «Алматы-Өскемен» тас жолынан Қапаларасан ауылына дейінгі жол жабылды. Ол жерлерде Полиция департаментімен біздің қызметкерлер кезекшілік атқарып жатыр.

Сондай-ақ...