Елімізде қатерлі дертке шалдыққан 4621 бүлдіршін есепте тұр

Өкінішке қарай, елімізде жыл сайын 600-ге жуық балаға осындай диагноз қойылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір түрлі онкологиялық және гематологиялық дертке шалдыққан 4621 бүлдіршін есепте тұр. 2083-інде қатерлі ісік анықталған. Қазақстанда оларға 2 республикалық клиника ем-дом көрсетеді. Біреуі Алматы қаласындағы Педиатрия және балалар хиругиясы ғылыми орталығы босла, екіншісі – елордағы «University Medical Center» корпоративтік қорының қарамағында. Ауруханаларда науқас балаларға кәсіби көмек көрсету үшін 488 төсек орны жабдықталған. Елде біліктілігі жоғары 81 балалар онколог-гематологы бар. Олардың 51-і республикалық орталықтарда жұмыс істейді. Қалғаны – өңірлік клиникаларда. 2013 жылы балалар онкологиясы мен гематологиясы мамандықтары біріктірілді. Соның арқасында бірнеше компоненттен тұратын терапия бағдарламалары енгізілген. Науқастардың қозғалысын бақылайтын алгоритмдер іске қосылды. Отандық мамандар гемопоэздік-дің жасушаларын транспланттау әдістерін меңгеріп алды. Дәрігерлер сүйектің қатерлі ісігі кезінде буынды эндопротездеу операциясын да жүргізіп жатыр.