Қарағандылық кеншілер жұмысқа жаңа автобуспен қатынайды

«АрселорМиттал Теміртау» өз шахтерлеріне жаңа автобустар сатып алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Yutong маркалы алғашқы 12 автобус жақында жолға шығып, жұмысшыларды кәсіпорындарға жеткізетін болады. Осылайша кәсіпорын өз қызметкерлерінің қолайлы жұмыс істеуіне бар жағдайды жасап отыр. Бүгінде кеншілердің кен орындарына қатынауына мынадай жаңа автобустар алды. Әзірге бес автобус сақадай сай. Тағы жетеуі шахтерлерге жөнелту алдында құрастыру мен тексерістен өтіп жатыр.

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясы мен құрастырушы компания арасындағы автобустарды жеткізу келісімшартына былтыр қол қойылған. Жалпы сомасы 700 миллион теңгеге келісім жасалған. Қазір зауытқа әкелген автобустарды жолға шығаруға дайындап жатыр. Қауіпсіздік техникасы мен жол  ережелерін бұлжытпай орындайтын тәжірибелі жүргізуші іздемек. Оны да білікті қызметкерлер арасынан іріктейді. Жаңа автобустардың сапасы барлық стандартқа сай – дейді мамандар.

Айнұр Малаева, зауыт өкілі:

Бұл үлгідегі автобустар 52 жолаушы отыратын және жайлы салонмен жабдықталған.  Әрі «Евро 5» экологиялық стандартына сай. Жолда жүруге өте қолайлы. Қалааралық бағытқа ыңғайлы. Жол талғамайтын көлік десек болады.

Компания жүргізушілері жаңа автопаркті бағалап үлгерді. Автобустар жергілікті ауа-райына бейімделген. Әрі жылыту жүйесімен толық жабдықталған. Осылайша кеншілердің жұмысқа қолайлы көлікпен жетуіне толық жағдай жасалған. Компанияның алға қойған мақсаты да сол. Қызметкерлердің кәсіпорында жайлы жұмыс істеуіне ерекше басымдық береді.

Авторы: Айнұр Қуатқызы