Жақында Алматыда жүріп бара жатқан көлік терезесінен шыққан жартылай жалаңаштанған қыздың видеосы әлеуметтік желіде жарияланған болатын. Полиция қыз бен көлік жүргізушісінің жазаланғанын мәлімдеді.
Көлік жүргізушісі 1997 жылы туған А. есімді азамат болып шықты. Бұл дерек мониторинг барысында анықталды. Құқық бұзушыға қатысты 230 баптың 2 бөлігі сақтандырудың жоқтығы, 590 баптың 9 бөлігі, техникалық байқаудың болмауы, 593баптың 1бөлігі жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзу, 599 баптың 1 бөлігі бағдаршамның тыйым салынған белгісіне қозғалу бойынша төрт әкімшілік хаттама толтырылды. «Жүргізушіге құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ көлік терезесінен шыққан қызға қатысты да әкімшілік шара қолданылғанын хабарлаймын. Оған ҚР ӘҚбК-нің 434 бабы (ұсақ бұзақылық) бойынша айып тағылды», – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі Манап Саттаров.