Қызылордада бес көлік жанып кетті – ТЖД

Қызылордада бес көлік жанып кетті  – ТЖД

Қызылордада жыл басынан бері бес көлік жанып кеткен. Бұл тәртіпсіздік кезінде өртенген техника түрлерін қоспағандағы статистика.

Мамандардың айтуынша, қызыл жалын көп жағдайда машинаның электр сымдары мен жанар-жағармай құю бөлігінен тұтанады екен. Сондықтан жүргізушілер темір тұлпарын жыл сайынғы техникалық тексерістен уақытылы өткізіп тұрғаны абзал, – дейді қалалық төтенше жағдайлар басқармасының мамандары.

Жасұлан Түйменов, қалалық ТЖБ басшысы:

– Жол жүру барысында өрт оқиғасы болған жағдайда жүргізушілерден сұрайтынымыз автокөлік тоқтатып, жолаушыларды сыртқа шығарып, қолдан келгенше өрт сөндіргішпен отты сөндіруге тырысу керек. Сонымен қатар 101 телефонына қоңырау шалу керек.