ТЖД газ баллонын арқалаған жұртқа ескерту жасады

Автогаз құю станцияларында тұрмыстық газ баллондарын толтыру жағдайлары жиілеген. Бұл тұрғындар өмірі үшін аса қауіпті деп ескертеді төтенше жағдайлар қызметі.

Өйткені темір тұлпарларға арналған бекеттерде тұрмыстық газ баллондарының жарамдылығы тексерілмейді әрі тиісті қысым нормалары сақталмайды. Сондықтан мұндай қызмет көрсетуге заңмен тиым салынған. Өкінішке қарай, Қызылорда облысында да жыл сайын тұрмыстық газ баллондарына қатысты қайғылы жағдайлар азаймай отыр. Былтырдың өзінде осындай 7 өрт оқиғасы болып, 8 адам көз жұмған. 4 адам жарақат алған. Өңірде газ баллондарын толтыруға рұқсат берілген мамандандырылған 5 ірі мекеме бар. Алайда оларға тұрғындар тарапынан сұраныс азайған. Бұл да автогаз бекеттеріндегі заңсыздықтардың салдары дейді мамандар.

Бауыржан Ізбасаров, Қызылорда облысы тжд бастығының м.а.:

– Негізі заңға сәйкес, өздеріңіз білесіздер, 2023 жылға дейін біздің Президент жариялаған мараториге байланысты микро және кіші кәсіпкерлікке жататын объектілерді біз тексере алмаймыз. Ал орта және ірі кәсіпкерлікке жататын субъектілерді біз міндетті түрде жыл сайын жоспарлы тексеруді жүргізіп жатырмыз. Негізінде біз тексере алмайтын объектілер бізде көп, сондықтан біз тек қана осындай үгіт-насихат жұмыстарын атқарып жатырмыз.

Сондай-ақ...