Инфляция мен бағаның өсуіне қарсы шаралар талқыланды

Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады. Кездесуде инфляция өсімін тоқтату үшін атқарылып жатқан шаралар жайы талқыланды. Сонымен қоса қаржы ұйымының баға шарықтауын бәсеңдетуге бағытталған жұмысы туралы сөз қозғалды.

Пірматов валюта және қаржы нарығындағы ахуал мен елдің алтын-валюта қоры бойынша есеп беріп, алдағы жоспарлармен бөлісті. Басқосу қорытындысы бойынша Президент бірқатар нақты тапсырма берді.

Ғалымжан Пірматов Ұлттық банктің негізгі мандаты саналатын қаржы және баға тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған ақша-кредит саясатының тиімділігін одан әрі арттыру жөніндегі пайымы мен жоспарын ұсынды.

Президент Ұлттық банктің 2022 жылға арналған жоспарымен танысқаннан кейін бірқатар нақты тапсырма берді.