Петропавлда еуропалық кардиохирургтар көмегімен жүрекке бірегей операция жасалды

Петропавлда еуропалық кардиохирургтардың көмегімен адам жүрегіне бірегей операция жасалды. Білікті мамандар жүрек патологиясы бар үш азаматқа қара малдың қабынан жасалған аорта клапанын қойып, шеберліктерін көрсетті. Ақ халаттылар бұл биоматериалды елімізде алғаш рет қолданып отырғанын айтуда.

Бүгін Петропавлға Ұлыбритания, Германия және Швейцариядан білікті мамандар келіп, қазақстандық дәрігерлерге шеберлік көрсетті. Еліміздің кардиохирургтары шетелдік мамандардан транскатетрлі аорта қақпақшасын имплантациялаудың жаңа әдістерін игеруде.

Мақсат Құдратоллаев, кардиология блогының жетекшісі:

- Біз бүгін Қазақстанда бірінші рет уникальный клапанды артальный позицияға қойып жатырмыз. Ол клапанның бірегейлілігі ол жануардың перекардынан жасалған. Ол дегеніміз жоғары биоорганизмге биосайлығы бар. Және науқас бір жұмадан кейін үйіне шығып, бір жылдан кейін операция жасалғандығын ұмытады.

Оперцияға үстеліндегі үш науқастың барлығы қарт адамдар. Ал оларға жүрекке ашық түрде операция жасауға болмайды. Сондықтан ол тесу әдісі арқылы жүргізілді. Бұған дейін елімізде науқастарға синтетикалық клапан қойылып келген еді. Ал биопротезге адам ағзасы тез үйренісіп, қалыпты өмірге жылдам оралады. Жалпы бұрын аорталық стенозы бар пациенттер көбіне Нұр-сұлтан және Алматыға баратын. Дегенмен шетелдік дәрігерлер жергілікті мамандардың шеберлігін жоғары бағалады.

Кейт Дж Олдройд, профессор, Еуропалық кардиологтар қоғамының мүшесі:

- Мамандардың деңгейі, командалық жұмысы айқын көрініп тұр. Дегенмен мұндай операцияны жасау үшін орталыққа заманауи жабдықтар қажет. Себебі бұл қондырғылар науқастарды одан әрі бақылау үшін аса маңызды.

Транскатетерлі орта клапаннын имплантациялау құны- 6,5 миллион теңге. Міндетті медициналық сақтандыру жүйесінің қатысушылары үшін ол тегін. Яғни барлық шығынды -қор өтейді. Бірінші операция оңай болған жоқ. Дей тұрғанмен сәтті аяқталды. 72 жастағы қария енді оңалтудан өтеді.

– На то место, которое мы поставили клапан, пока он начнет срастаться примет свою позицию, еще чуть-чуть какой то дискомфорт будет.

– Ну вот я вам хочу сказать просто спасибо большое. Всё, не болейте.

Самат Қайырденұлы, Нұргүл Ахметова, Руслан Алиев