Елімізде 2030 жылға қарай энергия тапшылығы артуы мүмкін

Елімізде 2030 жылдарға қарай энергия тапшылығы 1700 мегаватқа жетуі мүмкін.

Мысалы, Мойнақ су электр станциясы жылына 300 мегават өндіреді. Ал қазіргі қолданыстағы станциялардың қуатын арттыру қиын шаруа. Еліміздің энергетиктері осындай пікірде. Тапшылықты атом электр станциясының көмегімен шешуге болады. Қазақстанның инженер-энергетиктері одағының бас директоры Марат Дұлқайыровтың айтуынша, АЭС- қауіпсіз әрі ең арзан энергия көзі болып есептеледі. Сала мамандары атом электр станциясын салудың қажеттігін, оның тиімділігін  халық әлі түсіне қойған жоқ,- дейді.  Сондықтан, оған қарсы әр түрлі пікірлер бар.  Париж келісіміне сәйкес, 2026 жылдан бастап, трансшекаралық көміртегі салықтары енгізіледі. Осыған байланысты көмір электр станциялары қуат көзін өндіруді қысқартуы мүмкін. Оған қоса, 2060 жылға қарай ауаны ластайтын  зиянды заттар көлемін нөлдік деңгейге түсіріп, толығымен жасыл энергияға көшу керек болады.

Әлемдік тәжірибеге сүйенсек, бүкіл Еуропа атом энергиясының арқасында өмір сүріп отыр. Мысалы, Франция, Чехия мемлекеттері, сондай-ақ АҚШ, Жапония сияқты елдер  АЭС-ті пайдаланады.

Марат Дұлқайыров, ҚР Инженер-энергетиктері одағының бас директоры:

- Әрине энергетиктер электр энергиясының үзіліссіз берілуін қалайды. Оның үстіне бұған қатысты жұмыстардың барлығы  өте сапалы жасалуы тиіс. Ал АЭС –тұрақты түрде электрмен қамтамасыз етуге кепілдік береді. Яғни ең таза, экологияға ешқандай зияны жоқ қуат көзін өндіруге мүмкіндік жасайды.