Қаңтардағы қиратуларға қатысқандардың портреті жасалды

Бас прокуратура қаңтардағы бүлікке қатысқандардың портретін жасады.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Бас прокуратура өкілі Елдос Қилымжанов осылай деді. Оның мәліметінше, бүгінде 741 күдікті сот санкциясымен қамауда отыр. Олардың арасында бұрын сотты болғандар аз емес.

«Негізінен олар жоғары білімі және тұрақты жұмыс орны жоқ 30 жасқа дейінгі жастар. Алматы қаласында анонимді сауалнама жүргізу барысында әрбір үшінші қиратушы жағдайды пайдаланып, бөтеннің мүлкін ұрлау арқылы пайда табуды қалағанын мойындады», - деді Қилымжанов.