Қазақстандықтар миллион долларды декларациясыз алып ұшпақ болды

Қаңтар айында қазақстандықтар 1 миллионнан астам АҚШ долларын декларацияламай, шетелге шығармақ болған.

"Жетісу", "Әуежай-Астана", "Жібек Жолы", "Қазығұрт", "Түркістан-КРО-Әуежай", "Әуежай-Шымкент", "Әуежай-Актау" кеден бекеттерінде 48 заң бұзу дерегі тіркелді. 47 әкімшілік құқық бұзу дерегі туралы материалдар жиналып, ұсталғандарға 1 жарым миллион теңге айыппұл салынды.

Естеріңізге салайық, қолында 10 мың доллардан артық ақшасы бар азаматтар қаржыны міндетті түрде декларациялау керек.