Ақтауда вирус жұқтырғандар қоғамдық орындарға кірмек болған

Ақтауда короновирус инфекциясын жұқтырған 200-ден астам адам қоғамдық орындарға кірмек болған.

«Қызыл» мәртебесі барларды «Ashyq» қосымшасы анықтады. Көбі сауда үйлері, халыққа қызмет көрсету орталықтары, көпшілік тамақтану орындары мен қонақ үйлерге барған.

Айта кетейік, елімізде «қызыл» санаттағы адамдарға қоғамдық орындарға баруға тыйым салынған. Жыл басынан бері алғашқы берілген ескертуге қарамастан, бірнеше рет барған 2 адамға әкімшілік айыппұл салынған.

Ғазиз Надуев, облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы:

– «Ashyq» жобасында Маңғыстау облысында 3210 нысан бар. Жұмыс жасаушылардың 50 проценті кәсіпкерлік нысандар болса, қалғандары ерікті қатысушы ұйымдар. Жыл басынан бері «сары», «қызыл» мәртебесі бар оқшаулануға жататын 218 адам анықталды. Оның ішінде 212 азаматтың «қызыл», 6 азаматтың «сары» статусы болған. Ashyq жобасы арқылы әрекеттеріне тосқауыл қойылды. Белгілі болғандай, науқастардың кейбірі тіпті, бірнеше нысанға қайталап барған. Карантин режимін қайталап бұзғандарға ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша 91 809 тг айыппұл салынды.