Браконьерлер инспекторларға оқ жаудырған. Министрлік растады

Батыс Қазақстан облысында браконьерлер табиғат қорғаушыларына оқ жаудырды. Әлеуметтік желіде оқиғаға қатысты видео тарады. Министрлік қарулы қақтығыстың болғанын растады.

«Охотзоопром» өндірістік бірлістігінің инспекторлары Жұлдыз ауылы маңында жол талғамайтын көліктің ізіне түскен. Кейін қуып жетіп, тоқтатпақ болған. Алайда күдіктілер қарсылық көрсетіп, инспекторларға он шақты рет оқ атқан. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ. Қызметтік көліктің алдыңғы дөңгелектері жарылған. Ал браконьерлер оқиға орнынан ізін суытып үлгерді. Полицейлер аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғады.