Әр аймақ өз әкімін сайлауы қажет – саясаттанушы

Елді мекендердің басшы­ларын тұрғындар өздері сайлауы қажет. Президент сұхбатынан соң саясаттанушы Самат Нұртазаның осылай деп пікір білдірді. Оның айтуынша, өз жеріне жаны ашитын әкім ғана аймақты көркейтіп, нақты жұмыстарды атқара алады.