Жыл басынан бері 890 жұмысшыға 159 млн теңге жалақы бермегені белгілі болды

Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 500-ден астам қызметкердің құқығын қорғады.

Осы айдың басындағы жағдай бойынша 44 кәсіпорын 890 жұмысшыға 159 миллион теңге көлемінде жалақы бермегені белгілі болды. Осы  кәсіпорын басшыларына еңбекақыны беру туралы 12 нұсқама жолданып, 2 млн теңгеден астам айыппұл салынған. Жалақы берешегін өтеудің нақты кестесі жасалған. Соның нәтижесінде 516 жұмыскердің құқығы қорғалып, оларға 90 миллион теңге төленді, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.