Ақмола облысында автожолды күтіп ұстау бойынша олқылықтар анықталды

Ақмола облысында жыл басынан бері автожолдарды қысқы күтіп ұстау кезеңінде 60-тан астам олқылық анықталды.

Сала мамандары 18 рет тексеру жүргізіп, қардың күре жолға жиналуы мен көктайғақ көшелер, сонымен қатар жол белгілерінің болмауы мен бүлінуі сияқты кемшіліктерді анықтаған. Әсіресе облыстағы қалың қар мен екпінді желге байланысты Атбасар, Бурабай, Зеренді аудандарында бақылау күшейген. Себебі бұл аймаққа көлік жүргізушілері мен аудан тұрғындарынан арыз-шағым көптеп түскен. Жолдардың уақытылы әрі сапалы тазалауын талап етіп, кептелісті болдырмау үшін қоғам белсенділері де атсалысуда.

Игорь Стефан, облыстық "Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы" филиалының инженері:

- Біз осы маусымда қолайсыз жағдайларды қадағаладық. Актілер толтырып тапсырыс берушілер мен мердігерлерге жібердік. Онда анықталған олқылықтар мен оларды жою мерзімі көрсетіледі. Осы кемшіліктерді уақытында жоймаса, біз полиция департаментіне шара көру үшін арыз түсіреміз.