Мәдениет қайраткері Президент пікірін қолдады

Президент берген кешегі сұхбат әртүрлі сала өкілдерінің арасында қызу талқыға түсуде, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осыған орай, мәдениет қайраткерлері де өз пікірін білдірді. Мәселен, актер Тілектес Мейрамов Мемлекет басшысы қамтыған мәселелерді оңтайлы шешу жолдарын қолдайтынын айтты. Актер жастарды да осыған үндеді.

Тілектес Мейрамов, актер:

Маған өз басыма қатты ұнаған жері – халықты еңбекқорлыққа баулу, сол қасиетті қанымызға сіңіру, масылдық психологияндан арылу деген тұстары. Жасыратыны жоқ, барлығымызда бар қасиет, бойымызда жеңе алмай жүрген қасиетіміз және мына заңның үстемдік құруы, тәртіп орнату елде. Бұл да бір шешімін таппай, толық таппай жүрген өткір мәселелердің бірі еді. Мұны Президентіміз қадап айтты.