Грекия наурыздан бастап туристерді қабылдайды

Осылайша Грекияда туристік маусым әдеттегіден ерте басталады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұрын ол тек маусым айында басталса, осы жылы 1 наурызға белгіленіп отыр. Бұл туралы елдің туризм министрі Василис Кикилиас айтты. Министр биылғы маусымда шетелдік қонақ көп болатынын болжап отыр. Ел басшылары коронавирус жұқтырғандардың саны азайғандықтан қауіпсіздік шектеулерін жеңілдетуді қарастырып жатыр. Грекия пандемия саласынан зардап шеккен туризм саласын қалпына келтірмек.

Айта кетейік, елдегі жалпы ішкі өнімнің бірден бес бөлігін құрайтын туризм саласы коронавирус шектеулерінен қатты зардап шеккен болатын.

Василис Кикилиас, Грекияның туризм министрі:

– Екі жылдық шектеулерден кейін адамдар саяхаттау мен демалуды әбден сағынған көрінеді. Пандемияға қарамастан, өткен жылғы маусымда келушілер саны біздің болжағанымыздан көп болып шықты. Сондықтан биыл Грекия туризмнің қайта жандануына және қонақтарды жылдың соңына дейін қабылдауға дайын. Биылғы жағдай одан да жақсы болады деп топшылап отырмыз.