Қарағанды облысында «Самұрық-Қазына» АҚ қаражаты есебінен салынған спорт кешені ашылды

Облыстағы Нұра ауданында ауа тіреуіш мұнара базасында көпфункционалды спорт кешені іске қосылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Онда заманауи жүгіру жолы, футбол, баскетбол, гандбол, теннис ойындарына арналған көпфункционалды алаң, сонымен қатар күрес, бокс және үстел теннисі алаңдары бар.
Жоба инвестициялық қайырымдылық болып табылады. Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов нұралықтарды өңірде заманауи спорт нысанының пайда болуымен құттықтады. «Нұра ауданының жастарына жаңа рекордтарға қол жеткізу үшін бастау берілді. Спорт кешенінің тәрбиеленушілері олимпиадалардың және басқа да ауқымды жарыстардың нағыз чемпиондары, жүлдегерлері болатынына сенімдімін. Өткен жылы біздің облыста 125 спорт нысаны пайдалануға берілді. Биыл тағы 58-ін ашуды жоспарлап отырмыз», – деді кешеннің ашылуында Абзал Нүкенов.