476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Бахрейннен адам саудасына қатысты тағы бір күдікті экстрадицияланды

  • 166
  • UPD: 11:18, 19.02.2022
Бахрейннен адам саудасына қатысты тағы бір күдікті экстрадицияланды

Бас прокуратура мен ҚР Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Бахрейн Корольдігінен 1989 ж.т. ҚР азаматын экстрадициялады, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі,

Ол Бахрейн Корольдігінде жыныстық қанау мақсатында ҚР кәмелетке толмаған азаматшасын сатты деген күдікке ілінді.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланды.

Қазақстан мен Бахрейн Корольдігі арасында іздестіріліп жатқан адамдарды ұстап беру туралы шарт болмаған жағдайда, Бас прокуратура Бахрейн тарапымен айыпталушыны экстрадициялау туралы уағдаластыққа халықаралық құқықта қолданылатын өзара түсіністік қағидаты негізінде қол жеткізді.

Қазіргі уақытта күдікті Нұр-Сұлтан қаласының тергеу изоляторына қамалды.

Айта кету керек, аталған қылмысқа қатысы бар бірқатар адамдар бұрын ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды.

 

 

Хабар 24 телеарнасы