Қызылорданың дамыту жоспарына өзгеріс енгізілуі мүмкін

Қызылорда қаласында Сырдария өзенінің сол жағалауынан кәсіпкерлерге аукцион арқылы берілген жер телімдерін мемлекет меншігіне қайтару мәселесіне қатысты мамандар түсініктеме берді.

Облыстық Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының мәліметінше, кәсіпкерлер ұсынған эскиздер сол жағалаудың жоспарлау жобасына сәйкес келмейді. Осыған орай, аталған аумақты дамыту жөніндегі облыстық штаб қала әкімдігіне жерлерді қайтару жөнінде ұсыныс берген. Дегенмен алдағы уақытта қажеттілік туындаса жоспарға өзгерістер енгізуге болады,-дейді мамандар.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін арнамыздан кәсіпкерлердің шағымы туралы материал өткен болатын. 

Алмат Берікұлы, облыстық Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының бөлім басшысы:

– Сауықтыру кешенінің орнына 3,6 гектар жоба бойынша қарастырылған болса, ол бірнеше бөлшектерге бөлініп, табысталған екен. Осы сияқты жағдайлар кездесіп, сол себепті мониторинг жүргізіп, қайтару жөнінде тапсырма берілген болатын. Егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына алдағы уақытта қала әкімдігі тарапынан ұсыныс, пікірлер білдірілген жағдайда штабтың келісімімен өзгерістер енгізуге болады.