Ақмола облысында құтқарушыларға сегіз автокөлік пен екі катер табыс етілді

Ақмола облысында құтқарушыларға сегіз автокөлік пен екі катер табыс етілді

ҚР төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Ақмола облысының бас құтқарушысы Нұрлан Атығаевқа және ҚР ТЖМ Азаматтық қорғау академиясына жауынгерлік туды табыс етті.

Бұл туралы Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінен мәлімдеді.

Мерекелік іс-шара барысында Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев құтқарушыларға сегіз жеңіл автокөлік пен екі катердің кілтін табыстады. «Мемлекет басшысы «МІНДЕТ, АБЫРОЙ, ЕРЛІК» ресми нышанын бекітіп, азаматтық қорғау қызметтерінің маңыздылығын атап өтті. Туды тапсыру рәсімі – бүкіл гарнизон үшін тарихи оқиға, ұрпақтардың байланысын, тарихи жады мен сабақтастықты символикалық түрде бейнелейді», – деп атап өтті ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин. Сонымен қатар ол жергілікті атқарушы органдардың материалдық-техникалық базаны жетілдіру мен жаңартуға, ТЖД ғимаратын жөндеуге көрсеткен қолдауы үшін Ақмола облысының әкіміне алғысын білдірді.