EXPO 2020 Dubai көрмесіндегі Қазақстан павильоны миллионыншы қонақты қарсы алды

Бүгін Дубайдағы EXPO 2020 Dubai Дүниежүзілік көрмесіндегі Қазақстан Республикасының Ұлттық павильоны миллионыншы келушіні қарсы алды, деп хабарлайды «QazExpoCongress» ҰК» АҚ-ның баспасөз қызметі.

Дүниежүзілік EXPO 2020 Dubai көрмесіндегі Қазақстан Республикасының Ұлттық павильонының миллионыншы конағы Дубай қаласының 38 жасар тұрғыны, кәсіпкер Махмуд Әл Бурай атанды.

Махмуд Әл Бурай Қазақстанда бұрын-соңды болмағанын, сондықтан біздің елге келу мүмкіндігін жіберіп алмауға тырысатынын айтты. Оған Қазақстанға тегін сапарлауға екі адамға арналған сертификат берілді. Әуе билеттерін Air Astana ұсынса, турды «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы ұйымдастырып отыр.

Қазақстандық павильон мен Қазақстан Республикасы, сондай-ақ EXPO 2020 Dubai ұйымдастырушы комитеті атынан миллионыншы қонақты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов, Қазақстан Республикасының БАӘ-дегі Төтенше және Өкілетті елшісі Мадияр Меңілбеков, EXPO 2020 Dubai көрмесі төрағасының халықаралық қатысушылар жөніндегі орынбасары Омар Шехаде, EXPO 2020 Dubai-дағы Қазақстан Республикасының Ұлттық секциясының бас комиссары Аллен Шәйжүнісов құттықтады.

Сондай-ақ...