Елорда полициясына отбасындағы зорлық-зомбылыққа қатысты 16 мың шағым түскен

Бұл былтырғы көрсеткіш болғанмен, биыл да көбеймесе, азаяр емес, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қалалық ішкі істер департаменті өкілдері өзінің отбасына озбырлық көрсеткен 730 ер адамды тіркеуге алған. Олардың бәрі мамандардың бақылауында. Әсіресе карантин кезінде отбасындағы сыйластыққа сызат түсірген азаматтар көп. Жалпы елде ана мен баланы жәбірлеуден қорғау мәселелерімен Ішкі істер министрлігі жанындағы арнайы бөлім айналысады. Өткен жылы Мемлекет басшысының тапсырмасымен олардың штаттық саны кеңейтілді. 

Ләззат Рамазанова, ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасы