Елімізде астыртын 13 майнинг фермасы анықталды

Заңды белінен басқан кәсіпорындар елдің барлық аймағынан табылған. Мәселен, Елордада ірге тепкен ферманың бірі 4 айдың ішінде 20 млн теңгеден астам пайда әкелген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Петропавл шаһарында да дәл осындай майнинг компаниясы шықты. Сұр майнерлер көкөніс сақтайтын қоймаға 300-ге жуық қондырғы орнатып, пайданы күреп тапқан. Ал Алматы облысында пысықайлар бұрынғы шұға өндіретін комбинаттың ішінде астыртын әрекет еткен. Оған қоса, өкілетті органдардың қызметкерлеріне пара берді деп айыпталып отыр. Жергілікті энергетика саласының құрылымдары да бар. Құзырлы ведомствоның мәліметі бойынша сұр майнинг компаниялары тұтынған энергияның жалпы көлемі 200 Мегаваттан асады.