Қаңтар қырғыны: бүгінге дейін 1006 қару тәркіленді

Ал оқ-дәрі 20 мыңнан асады. Дегенмен қолды болған қару-жарақты түгел табу әлі де мүмкін болмай тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы орайда Халық қаһарманы, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев әр отандасымыз бұл іске қолдау білдіргені маңызды екенін айтады.

Бақытжан Ертаев, ҚР Халық қаһарманы:

– Бір оқ, бір қару-жарақ болса да ол қауіпті, ол лаңкестердің қолында болса. Сондықтар бәріміз еліміздің тыныштығын ойлаған болсақ, бала-шағамыздың тыныштығын ойлаған болсақ, бәріміз көмек беріп осы қару-жарақты табу керек. Жалғыз ғана ол Ішкі істер министрлігінің, құқықтық комитеттердің парызы емес.