Көктемде тоғыз өңірді су басуы мүмкін

Көктемде 9 өңірді су басуы мүмкін. Төтенше жағдайлар министрлігі, әсіресе, Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстары мен Шығыс және Солтүстік Қазақстан басшыларына апаттың алдын алуға дайын отыруды ескертті.

Сондай-ақ Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Павлодар, Түркістан облыстары мен батыс аймақтарда осындай қауіп бар. Қазір министрлік өз тарапынан арнайы техникалар мен тікұшақ, жүзу жабдықтары және мотопомпаларды қамдап жатыр. Тілсіз жаумен күресуге 3000 адам дайындалған.