Алматыда қаңтар оқиғасы кезінде ауыр жараланған полицей осы кезге дейін ем алып жүр

Алматыда қаңтар оқиғасы кезінде ауыр жарақат алған полиция қызметкерлерінің бірқатары әлі ем алып жүр.

Соққыға жығылып, ауыр жараланғандардың бірі Әуезов аудандық полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторы Ғазиз Нұрғалымов. Ол 4 қаңтар күні әкімдікті күзетуге көмекке келген. Сол түні бүлікшілер аямай соққыға жығады. Мойнынан темірмен ұрыпты. Ол бас кезінде ет қызуымен қандай жарақат алғанынан хабарсыз болады. 11 қаңтарға дейін жұмыстан қалмайды. Мұрнынан қан тоқтамаған соң өз аяғымен емханаға барған. Дәрігерлер тексеріп, қан қысымының өте жоғары екенін оның бүйрек жеткіліксіздігінен болып тұрғанын айтады. Сол жерде құлаған Ғазизді жедел жәрдем аурухаға жеткізген. Содан бері осында ем қабылдап жатыр. Полиция лейтенанты Ғазиз Нұрғалымов құқық қорғау органында 2014 жылдан бері жұмыс істейді. Учаскелік полиция инспекторы жазылған соң қызметін әрі қарай жалғастырғысы келетінін айтады.

Ғазиз Нұрғалымов, учаскелік полиция инспекторы:

- Темірмен соққаннан кейін есімді жоғалтып алдым. Біраз сағат өткеннен кейін үлкен кісі алып шықты толпаның арасынан. Шетте тұрғандарды бас салып соғып щитпен тұрғандарды толпаның арасына кіргізіп жібереді. Толпаның ішінен шыға алмай қалдым. Жатып қалған кезде басты ғана жауып алдым. Басқа да секіріп екі аяқпен. Сол кезде ойладым только сотрясение екен деп. Бірақ тұрған кезде белім ауырып тұрды. Бүйрегімнің екеуі де істемей тұр аппаратпен ғана.

Лаура Шәмілқызы, нефролог-дәрігер:

- Бүйректің терминалды жетіспеушілігі симптомдары сақталуына орай әлі де бүйрек алмастыру терапиясын жалғастыруды басқаша айтсақ, гемодиализ терапиясын алуды қажет етеді. Яғни қазіргі таңда аурухана жағдайында 3 рет, кейде екі рет, кейде 4 рет рет алып жатыр. Науқас стационарға шыққанннан кейін де бүйректің алмастыруды гемодиализ сеансын жалғастырады.