loader

Қорғаныс министрі әскери бөлімдердің командирлерімен кеңес өткізді Ақорда

Қорғаныс министрі әскери бөлімдердің командирлерімен кеңес өткізді

Елорданың десанттық-шабуылдау бригадасында жалпыәскери және артиллериялық бригадалардың, Қазақстан Қарулы күштері Құрлық әскерлерінің әскери бөлімдері мен құрамалары барлау (таулы-егерлік) полкінің командирлерімен жиын өтуде.

Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жиын барысында қазіргі кездегі сын-тегеуріндер мен қауіп-қатерлерді ескере отырып, Құрлық әскерлерінің жауынгерлік даярлық бағдарламаларын жетілдіру, барлау бөлімшелерін қайта жарақтандырудың негізгі бағыттары, түрлі ұрыста күштер мен құралдарды қолдану тәртібі бойынша нұсқаулық-әдістемелік және практикалық сабақтар өткізіледі.

Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов бөлім командирлерімен кездесті. Қорғаныс ведомствосының басшысы сеніп тапсырылған әскери бөлімдердегі істердің жай-күйіне қатысты баяндамаларды тыңдады және Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың елдің қорғаныс қабілетін одан әрі нығайту жөніндегі тапсырмалары аясында бірқатар міндеттерді белгіледі. Қарулы күштердің жауынгерлік даярлығын қолдауға назар аударылды.

Бірқатар сабақтар әскери объектілердің диверсияға қарсы қорғалуын қамтамасыз ету, арнайы әскери іс-қимылдарды дайындау және жүргізу, әскери қызметтің қауіпсіздігі және әскерлердің күнделікті қызметін басқару мәселелеріне арналды.

Бригадалар мен полк командирлерінің қатысуымен өткен жиын шеңберінде заңнама нормаларын, тактикалық нормативтерді, жалпы әскери штабтардың қызметі жөніндегі нұсқаулықтың ережелерін білуге тест жүргізіледі.

Жиын қазіргі заманғы әскери қақтығыстарда құрамалар мен бөлімдердің қолданылу ерекшеліктерін түсіндіру мақсатында ұйымдастырылып, әскери бөлім командирлерінің кәсіби деңгейін жетілдіруге бағытталған.

Сондай-ақ...