Маңғыстауда мемлекеттік қызметшілер 1 млн теңгеден астам айыппұл төледі

Маңғыстауда мемлекеттік қызметшілер 1 млн.теңгеден астам айыппұл төлеген.

2021 жылы олардың үстінен 33 әкімшілік іс қозғалып, жауапкершілікке тартылған. Ал мамандардан өндірген қомақты қаражат мемлекет бюджетіне құйылды. Құқықбұзушылықтың басым көпшілігі жер қатынастар, архитектура және құрылыс, тұрғын-үй коммуналдық және кәсіпкерлік саласында тіркелген. Бақылау жүргізілген мекемелер ішінен облыс бойынша Ақтау қаласы әкімдігі, Қарақия және Түпқараған ауданы әкімдіктерінің қызметкерлері мемлекеттік қызмет тәртібін бұзғаны анықталған. Ішінде басшылық құрамда бар. Сонымен қатар, 36 тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Барлығы қызметін жалғастыруда.

Тоқтамыс Жұмағұлов, МҚІА Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы:

– Әкімшілік кодекстің 465 бабы, 1,2 бөлігі, ол мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуы, сондықтан осыған байланысты әкімшілік хаттама толтырдық. Басқа жауапкершілік болса тәртіптік жауапкершіліке тартамыз. 33 хаттама да барлығында мемлекеттік қызметшілер өз кінәсін мойындап, өздері соған келісіп, айыппұлдарын төледі. Сотта ешқандай іс қаралған жоқ. Өздері мойындағаннан кейін жауапкершілікке тартылды.